ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Шавкат Рахмоновтың жарақатына себеп болған жекпе-жек аталды

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың ұзақ уақыт октагонға оралмауына себеп болған жарақаттарға қатысты жаңа пікір айтылды.

Шавкат Рахмоновтың жарақатына себеп болған жекпе-жек аталды
Getty Images

Bloody Elbow басылымы Рахмоновтың тізе жарақаттары ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жекте алған соққылардан кейін пайда болуы мүмкін екенін хабарлады.

31 жастағы файтер соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, Иэн Гэрриді жеңіп, кәсіби мансабындағы рекордын 19-0-ге жеткізген. Содан бері қазақстандық спортшы жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ.

Октагонға оралуына күмән көбейді

2026 жылдың басында Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінен шығарылды. Бұл қазақстандық файтердің октагонға қайта оралуына қатысты күмәнді одан әрі күшейтті.

Америкалық файтер Шон Брэди де Рахмоновтың жарақатына байланысты қайта оралуына күмәнмен қарайды.

“Шавкат жаттығып жүр, мамандар оның қайта оралатынын айтып жатыр. Бірақ меніңше, ол енді ешқашан жекпе-жек өткізбейді. Өйткені ол октагонға оралуға тырысқанда, тізесіндегі жарақат қайта мазалаған”, – деді Брэди.

Америкалық файтердің пікірінше, тізе мәселесі бар спортшыларда жарақаттың қайта қайталану қаупі жоғары. Бұған дейін спортшының дәрігері оның жағдайы жақсарғанын және спортқа қайта оралуына кедергі жоқ екенін айтқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.