ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Бекзат Алмахан шетелдік ММА лигасымен келісімшартқа отырды

Қазақстандық файтер 13 тамызда UFC ростерінен ресми түрде шығарылған еді. 

Бекзат Алмахан шетелдік ММА лигасымен келісімшартқа отырды
qazsporttv.kz

Қазақстандық ММА файтері Бекзат Алмахан грузиялық RKENA промоушенімен ресми келісімшартқа отырды. Грузиялық лига қазақстандық спортшыны қатарына қосқанын әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

"Қазақстанның үздік файтерлерінің бірі Бекзат Алмаханды RKENA отбасында қарсы алайық!", – делінген промоушен хабарламасында.

Осылайша Алмахан UFC-дегі кезеңінен кейін мансабын жаңа ұйымда жалғастыратын болды.

Бекзат Алмахан UFC-ден қашан кетті?

Қазақстандық файтер 13 тамызда UFC ростерінен ресми түрде шығарылды. Бұған оның промоушенмен келісімшартының аяқталуы себеп болған.

Алмаханның UFC-дегі жолы 2024 жылдың наурызында басталды. Ол қысқа мерзімде ұсыныс қабылдап, жеңіліп көрмеген ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы октагонға шықты.

Қазақстандық спортшы бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, үш раунд қорытындысында төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы әрі жалғыз жеңісіне 2025 жылдың мамырында қол жеткізді. Ол канадалық Брэд Катонамен кездесіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

RKENA қандай промоушен?

RKENA – Грузияда құрылған ММА промоушені. Ұйым 2025 жылдың қазанында жұмысын бастады.

Лига өз турнирлерін Тбилисидегі елдің басты ареналарының бірі – Спорт сарайында өткізіп келеді.

Қазіргі таңда RKENA үш нөмірлік турнир ұйымдастырған:

  • Rkena FC 1 – 29 қараша 2025 жыл;
  • Rkena FC 2 – 14 наурыз 2026 жыл;
  • Rkena FC 3 – 16 мамыр 2026 жыл.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.