ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Сәпиев Азиадаға Жүсіповтың орнына Сабырханның таңдалуына пікір білдірді

Олимпиада чемпионы Азия ойындарына қатысатын бокстан Қазақстан құрамасының мүмкіндігін бағалап, 70 келі салмақтағы таңдауға қатысты ойын айтты. 

Сәпиев Азиадаға Жүсіповтың орнына Сабырханның таңдалуына пікір білдірді
ulysmedia.kz

Командаға сенім арту

Серік Сәпиевтің айтуынша, ұлттық құраманың бас бапкері Азия ойындарына қатысатын боксшыларды өзі таңдаған. Олимпиада чемпионы жанкүйерлер Жапониядағы жарыстан алтын медаль күтетінін жеткізді.

"Бас бапкері боксшыларды таңдады. Біз командаға сенеміз. Өткен Азия ойындарында алтын медаль ала алмадық. Енді Жапониядан алтын күтіп, боксшыларымызға үміт артамыз", — деді Сәпиев журналист Аслан Қаженовке берген сұхбатында.

Неліктен таңдау Төрехан Сабырханға түсті?

Құрама жасақталғаннан кейін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі жанкүйерлер арасында қызу талқыланды. Бұл санатта әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов пен Төрехан Сабырханның қайсысы Азиадаға баратыны басты мәселеге айналған еді.

Қорытынды шешім бойынша Жапонияда ел намысын Төрехан Сабырхан қорғайтын болды.

"Іріктеу болған жоқ. Дегенмен бас бапкер Төреханды таңдады. Енді оған тек сәттілік тілейміз", — деді Сәпиев.

Абылайхан Жүсіпов шешімге ренжіді ме?

Серік Сәпиев Азиада құрамына енбей қалған Абылайхан Жүсіповпен жеке сөйлескенін де айтты. Оның сөзінше, тәжірибелі боксшы бапкердің шешімін қалыпты қабылдаған.

"Абылайханмен сөйлестім. Ол біраз тынығып, кейін жаттығуын қайта бастайды. Ешқандай реніші жоқ. "Бапкер осындай шешім қабылдады, не істейміз? Алдағы жарыстарға дайындала береміз" деді", — деп түсіндірді Олимпиада чемпионы.

Сәпиев боксшыларды Жапонияда қолдайды

Серік Сәпиев мүмкіндік болса, Азия ойындарының финалдық кезеңіне жақын Жапонияға баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол қазірдің өзінде ұлттық құрама боксшылары және бапкерлерімен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

2026 жылғы жазғы Азия ойындарындағы бокс бәсекесі 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының қорытынды тізіміне 11 боксшы енді (6 ер және 5 әйел). Олар Олимпиада бағдарламасына енгізілген барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Қазір ұлттық құрама Жапонияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?