ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

"Хамзаның батылы жетсе, бұл жыл жекпе-жегі болады": Әлімханұлының менеджері Ширазға үндеу жасады

Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Ширазды жекпе-жектен бас тартпауға шақырды.

"Хамзаның батылы жетсе, бұл жыл жекпе-жегі болады": Әлімханұлының менеджері Ширазға үндеу жасады
dazn.com

Әлімханұлы – Шираз жекпе-жегінің тағдыры белгісіз

Хамза Шираз бен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы кездесудің нақты күні әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Британиялық боксшының өкілдері промоутерлік саудада жеңіске жеткенімен көпшілік күткен айқастың өтетініне әлі толық кепілдік жоқ.

"Қазақ стилі" қарсыласын келісімін беруге бірнеше рет шақырған. Енді қазақстандық чемпионның менеджері Эгис Климас та Ширазға өткір мәлімдеме жасады.

Ширазға не деді?

Климас британиялық боксшы кездесуді қабылдаса, жанкүйерлер үлкен бокс кешінің куәсі болатынын атап өтті.

"Егер Хамзаның осы жекпе-жекке шығуға батылы жетсе, бұл кездесу "Жыл жекпе-жегі" атануы мүмкін. Бокс жанкүйерлері үшін керемет оқиға болмақ. Біз дайынбыз. Хамза, сен дайынсың ба? Жанкүйерлерге нағыз тартыс сыйлайық!" — деді Эгис Климас.

Ширазға не деді?
фото Эгис Климастың әлеуметтік желісінен алынды

Жекпе-жек қай қалада өтуі мүмкін?

Промоутерлік сауданы жеңіп алған Queensberry Promotions компаниясы айқастың өтетін күні мен орнын таңдауы тиіс.

Алдын ала мәлімет бойынша, Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың жекпе-жегі мына күндердің бірінде ұйымдастырылуы мүмкін:

  • 28 қараша;
  • 5 желтоқсан.

Кездесуді қабылдауға үміткер қалалар қатарында Бирмингем, Лондон және Нью-Йорк аталып отыр. Дегенмен айқасқа қатысты ресми шешім әзірге жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?