Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Канский фестиваль" Ербутаевтың жеңісті сериясын тоқтатқан файтермен жұдырықтасады

Қазақстандық поп-ММА өкілі Қанат "Канский фестиваль" Құлмағамбетовтің келесі қарсыласы анықталды.

"Канский фестиваль" Ербутаевтың жеңісті сериясын тоқтатқан файтермен жұдырықтасады
lada.kz

Құлмағамбетов – Сулейманов жекпе-жегі қашан өтеді?

Қанат Құлмағамбетов Алматыда IBA x Nomad турнирінде ресейлік Исраил "H2O" Сулеймановпен кездеседі. Промоушеннің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесу 12 желтоқсанда "Алматы Аренада" ұйымдастырылады.

Қарсыластар жартылай орта салмақта күш сынасады. Сулейманов үшін бұл промоушендегі алғашқы жекпе-жек болмақ.

Құлмағамбетов бұған дейін 17 қазанда Ташкентте IBA Nomad 16 турнирінде өнер көрсетті. Қазақстандық файтердің қарсыласы өзбекстандық Шукуржон Абдурахимов болды.

Үш раундқа созылған кездесу ММА қолғабымен бокс ережесі бойынша өтті. Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Абдурахимовке берді.

Сулейманов Ербутаевты нокдаунға түсірген

Исраил Сулейманов соңғы айқасын 20 қыркүйекте Тбилисидегі Hype FC турнирінде өткізді. Жалаң жұдырықпен өткен кездесуде өзбекстандық нокаутшы Абдумалик Ербутаевты төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.

Жекпе-жек алдында Ербутаев фаворит саналған. Бірақ екінші раундта Сулейманов оны нокдаунға түсіріп, кездесуді өз пайдасына аяқтады.

Осылайша ресейлік файтер қарсыласының қатарынан алты рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен сериясына нүкте қойды.

Бұл туралы не ойлайсыз?