Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бокстан Астанадағы 2027 жылғы әлем чемпионатына тіркеу басталды

World Boxing Астанада өтетін 2027 жылғы бокс бойынша әлем чемпионатына қатысушыларды тіркеуді бастады.

Бокстан Астанадағы 2027 жылғы әлем чемпионатына тіркеу басталды
olympic.kz

World Boxing мәлімдемесіне сәйкес, Астанадағы әлем чемпионаты Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы кезеңі болмақ. Ерлер мен әйелдер бір турнир аясында әлем чемпионатының жүлделеріне таласады. Тікелей олимпиадалық жолдаманың 22-сі ерлерге, 22-сі әйелдерге бөлінген. 

10–26 сәуір аралығында өтетін турнирде Лос-Анджелес Олимпиадасына алғашқы 44 жолдама сарапқа салынады.

World Boxing 2027 жылғы әлем чемпионатын Астанада өткізу туралы шешімін 2024 жылдың желтоқсанында жариялаған. Халықаралық олимпиада комитеті 2026 жылдың мамырында Қазақстан астанасын турнир өтетін қала ретінде түпкілікті бекітіп, чемпионатқа Олимпиада-2028 іріктеуінің алғашқы жарысы мәртебесін берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?