Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Реванш өтпейтін болды. "Мотиваторға" қарсы Жұман Жұмабеков шығады

Nomad Fighting лигасы Жұман "Арлан" Жұмабеков пен Әнуарбек "Мотиватор" Бекембетовтің жекпе-жегін ресми түрде жариялады.

Реванш өтпейтін болды. "Мотиваторға" қарсы Жұман Жұмабеков шығады
instagram.com/nomadfighting/

Бекембетов 12 желтоқсанда бокстан жаттықтырушы Мұхит Амантаевпен екінші рет жұдырықтасуы керек еді. Бірақ Амантаев 25 қарашада жаттығу кезінде қолын жарақаттап, жекпе-жекке шыға алмайтынын мәлімдеді. Енді Бекембетовтің қарсыласы Жұмабеков болады.

Шілде айында Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде Бекембетов Амантаевты үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Сол кеште Жұмабеков UFC-дің бразилиялық ардагері Диего Брандаоға техникалық нокаутпен есе жіберді.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?