Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Абылайхан Хусаинов IBF International титулы үшін жұдырықтасты

Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов Уфада өткен IBA.PRO 22 турнирінде ресейлік Михаил Григоряннан жеңілді.

Абылайхан Хусаинов IBF International титулы үшін жұдырықтасты
vesti.kz

Бос тұрған титул үшін жекпе-жек он раундқа жоспарланып, жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды. Осылайша Григорян кәсіпқой рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBF International белбеуін иеленді. Ресейлік боксшы әлі жеңіліп көрген жоқ, екі қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Уфадағы кездесу Құсайыновтың кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңілісі болды. Қазақстандық боксшының еншісінде 13 жеңіс бар, соның онын нокаутпен аяқтаған.

Құсайынов бұған дейін 2024 жылдың желтоқсанында рингке шығып, қытайлық Ян Юнцяннан жеңілген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?