Лара «қорқақ»: Жәнібек Әлімханұлы тағы да мәлімдеме жасады
Кубалық боксшы Жәнібекпен жұдырықтасудан жүрексінетін көрінеді.
Орта салмақта WBO/ IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кубалық боксшы Эрисланди Лараны (31-3-3, 19 KO) бірнеше рет шаршы алаңға шығуға шақырған. Алайда бәрінен бас тартқан көрінеді.
"Лара менімен ешқашан жұдырықтаспайды. Өйткені рингте онымен не істейтінімді біледі. Әдетте чемпиондар чемпионды жекпе-жекке шақырады. Ал Лараның мені жекпе-жекке шақыруға батылы жетпейді", – деп жазды Әлімханұлы өзінің жеке парақшасында.
Айта кетейік, қазақ боксшысы кубалық былғары қолғап шеберін бірнеше жыл бойы жекпе-жек өткізуге шақырып келеді. Бірақ бұл ұсынысқа оң жауап алмаған.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.