Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақ боксшыларымен рингке шығуға бірнеше елдің спортшылары келеді

Редактор Penalty.kz
19.09.2024, 23:27

Қазақстан мен Ресейдің боксшылары WBA Asia чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.

instagram.com/madiyevr/
instagram.com/madiyevr/

21 қыркүйекте Алматыдағы Sadu Arena спорт кешенінде халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтеді. Irfin Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бұл шараға Қазақстан және әлемнің бірнеше елінен келген боксшылар қатысады.

Кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Руслан Мадиев (15-2, 6 КО) пен ресейлік Тигран Согоян (7-0-1, 4 КО) арасында өтеді. Олар WBA Asia чемпиондық титулы үшін күш сынасады.

Бастапқы жоспар бойынша Руслан Мадиев таиландтық Киттисак Клинсонмен кездесуі керек еді. Алайда Клинсон кенеттен ауырып, ауруханаға түскендіктен, Азия бокс қауымдастығы оның белбеуін вакантты деп жариялады.

Айта кетейік, Руслан Мадиев 2023 жылы Мексикада өткен соңғы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. Осыдан кейін ол кәсіпқой бокстан кететінін мәлімдеген еді, бірақ биыл рингке қайта оралып, жаңа титул үшін күресуді жоспарлап отыр.

Кеште ағайынды Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар да өнер көрсетеді. Саматәлі Дағыстаннан келген Магомедрасул Омаровпен кездессе, Санәтәлінің қарсыласы Қырғызстандық Сардар Атакишиев болмақ.

Сонымен қатар, кәсіби мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс көрмеген Елшат Нығметолла да рингке шығады. Ол Танзания өкілі Мухсин Кизотамен жұдырықтасады.

Бұл күні Ресей, Өзбекстан, Үндістан және Грузия боксшылары да Алматыда өтетін бокс кешіне қатысып, қазақ боксшыларымен күш сынасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір