Отандысымызға чемпиондық атағын сақтап қалуға 5 күн уақыт берілді.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11КО) және оның командасына соңғы жекпе-жегінде не себепті WBO чемпиондық белбеуін қорғамағанын түсіндіруді талап етті. Ол WBO ұйымы өкілдері боксшыға 5 күн уақыт берді.
Егер жерлесіміздің түсініктемесі WBO ережелеріне сәйкес келмесе, қазақстандық боксшы чемпиондық титулынан айырылуы мүмкін. Бұл жағдайда белбеу иесіз қалады. Ол үшін WBO рейтингінің бірінші және екінші нөмірлері: британдық боксшылар Хамза Шираз (21-0, 17 КО) және Дензел Бентли (20-3-1, 17 КО) жұдырықтасады.
Айта кетейік, WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді. Алайда, Михайловичтың командасы тек IBF титулы үшін жұдырықтасатынын айтқандықтан, WBO титулы сарапқа түспеді.
Естеріңізеде болса, Жәнібек Әлімханұлы қазанның 4-і күні Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын сәтті қорғады.