Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық каратэшілер Жапонияда өткен әлем чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
08.10.2024, 10:29

Қазақстандық каратэшілер Жапонияның Фукуока қаласында ұйымдастырылған World Sobaki Challenge атты Enshin Karate бойынша әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетті.

Қазақстандық каратэшілер / Фото turkystan.kz
Қазақстандық каратэшілер / Фото turkystan.kz

Қазақстанның жас спортшылары әлемдік аренада өз шеберлігін дәлелдеп, 3 алтын, бірнеше күміс жүлдеге қол жеткізді.

Әлем чемпиондары атанған жас спортшылар: Дима Коровченко, Еркокше Жумагазыұлы, Жания Бақытжан. Бұл жеңістер Қазақстанның каратэ мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Күміс жүлдегерлер: Алексей Колычев, Амина Раббани, Ерасыл Тастеміров, Жамиля Асхатқызы.

Сонымен қатар, турнир барысында ең үздік техника үшін арнайы марапатқа Шұғыла Бауыржанқызы мен Дариға Нұралинова ие болды.

Айта кетейік, жарысқа Жапония, АҚШ, Ресей, Австралия, Сауд Арабиясы, Польша, Швеция, Чили, Швейцария, Қазақстан және Оңтүстік Корея сияқты елдерден келген спортшылар қатысты. Бұл чемпионат жас каратэшілер үшін халықаралық тәжірибе жинауға және өздерін жаһандық деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір