Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Боксшы бұрымдыларымыз Өзбекстанда топ жарды

Редактор Penalty.kz
10.10.2024, 14:05

Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 15 медаль иеленді

Sportplustv.jz
Sportplustv.jz

Ферғанада (Өзбекстан) өткен бокстан қыздар арасындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 15 медаль иеленді.

Аяжан Ермек (60 келі), Аружан Жанабаева (63 келі) және Шұғыла Нәлібай (81 келі) турнир жеңімпазы атанды. 

Ал Әнел Абдрасилова (48 келі), Айару Серікбай (57 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі) және Панар Сейітханқызы (+81 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Қола жүлдегерлер: Гаухар Зарден (50 келі), Бағжан Отынбай (52 келі), Аяжан Сыдық (54 келі), Лия Абдуллаева (54 келі), Жанна Нұртілесова (60 келі), Ақбота Есімбекова (70 келі), Арайлым Әлімберген (60 келі).

Айта кетекік, аға бапкер Жангелді Ахметов жетекшілігімен Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындалуда. Елге оралып, бір жаттығу жиынын өткізген соң қыздар Черногорияға аттанады. Жастар арасындағы әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 19
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір