Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жекпе-жек өтетінін тұспалдады

Редактор Penalty.kz
14.10.2024, 07:11

Бұл туралы қазақстандық боксшы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Vesti.kz
Vesti.kz

Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында келесі жекпе-жегі кімге қарсы өтетінін тұспалдады. Қазақстандық боксшы британдық Хамза Шираздың (21-0, 17 KO) суретімен бірге өзінің фотосын жариялап, «Жақында ма? Әлде қалай?», деп жазды Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлы мен Ширазға жекпе-жек өткізуді міндеттеген еді. Жәнібек WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, сондай-ақ IBF чемпиондық белбеуінің иегері. Шираз — WBC Silver, EBU European чемпиондық белбеулерінің және Бокс кеңесінің Достастық белбеуінің иегері. Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегінде жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичті (21-1, 13 KO) тоғызыншы раундта нокаутқа түсірген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 8
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір