Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Көзіне ота жасатқан балуан әлем біріншілігінде белдеспек

Редактор Penalty.kz
13.10.2024, 20:05

Әлем чемпионаты Албанияда 28-31 қазан аралығында өтеді. 

olympic.kz
olympic.kz

Қазанның 28-і күні Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Байрақты бәсекеде спортшылар Олимпиада бағдарламасына енбеген салмақтар бойынша бақ сынайды.

Грек-рим күресінен құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко төрт балуанға сенім артады:

Ихсар Курбаев (55 келі)
Ержет Жарлықасын (63 келі)
Мейіржан Шермахамбетов (72 келі)
Евгений Поливадов (82 келі)

Айта кетейік, балуандардың арасында Мейіржан Шермаханбет 2022 жылы Үндістанның Дели қаласында ота жасатқан еді. Командаластарымен баскетбол ойнап жүргенде көзіне байқаусызда басқа ойыншының қолы кіріп кеткен болатын. Осының салдарынан, спортшының көру мүмкіндігі 70 пайызға нашарлады. Отаның арқасында жағдайы қазір қалыпқа келіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Мейіржан Шермаханбет 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір