ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионымен қашан жұдырықтасатыны белгілі болды

Бұл туралы «Вестник ММА» инстаграм парақшасы хабарлады. 

Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионымен қашан жұдырықтасатыны белгілі болды
runasport.com

Аралас жекпе-жектен Қазақстанның үздік файтері Шавкат Рахмонов ағымдағы жылдың желтоқсан айында UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесінде америкалық Белал Мұхаммедпен чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы «Вестник ММА» инстаграм парақшасы хабарлады. 

«Жартылай орта салмақта дәрежесі бойынша UFC чемпионы Белал Мұхаммед (P4P рейтингінде 5-ші орын | UFC 15-3-1NC) пен Шавкат Рахмоновтың (жартылай орта салмақта рейтингі № 3 I UFC 6-0) 8 желтоқсан күні UFC 310 турнирінде жекпе-жек өткізу ықтималдылығы өте жоғары», - деп жазды аталған парақша.  

Айта кетейік, Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізді. Ол екінші раундта американдық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.