ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстандық дзюдошылар Өзбекстанда тарихи медальға қол жеткізді

Қазақстан дзюдо құрамасы әскерилер арасындағы әлем чемпионатында командалық жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды.

Қазақстандық дзюдошылар Өзбекстанда тарихи медальға қол жеткізді
inform.kz

Қазақстан дзюдодан әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында тарихи медальға қол жеткізді. 

Ерлер арасындағы Қазақстан дзюдо құрамасы әскерилер арасындағы әлем чемпионатында командалық жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Италияны 3:1 есебімен жеңді.

Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында Қазақстан жеребе нәтижесінде В тобына түсті. Бірінші айналымда қазақстандық команда Францияны 4:1 есебімен сенімді түрде жеңгенімен, екінші айналымда Оңтүстік Кореядан 2:3 есебімен ұтылды. Оңтүстік Корея финалға шыққандықтан, Қазақстан «қола» үшін күресуге мүмкіндік алды.

Жерлестеріміз Испания мен Алжирді 3:0 есебімен жеңіп, үшінші орын үшін шешуші кездесуде Италиямен кездесіп, қола медальға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.