Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Кәсіпқой бокстағы қазақ боксшысы ұлттық құрамаға қайтып келді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық былғары қолғап шебері бірнеше рет Канелоның андеркартында жекпе-жек өткізген. 

Кәсіпқой бокстағы қазақ боксшысы ұлттық құрамаға қайтып келді
olympic.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 KO) ұлттық құрамаға қайтып келді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.Осылайша, Әбілхан бағын әуесқой бокста сынап көрмек екен. 

«Кәсіпқой бокста болдым. Бірақ, ол жақта бір жарым жылдай жекпе-жек болмады. Жаттығу жасап жүрдім. Соңғы екі ай демалып, енді міне, ұлттық құрамамен бірге жаттығып жатырмын. Қазақстан чемпионатынан бастасам деген ойым бар», - деді боксшының өзін.

Айта кетейік, 27 жастағы Аманқұл әлем чемпионатының және Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Ал кәсіпқой бокста 5 жекпе-жек өткізіп, төртеуінде жеңімпаз деп танылды. Бір кездесуде қарсыласымен тең тарқасты. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір