Биылғы бәсеке алдағы республика күніне орай ұйымдастырлады
Бірер күннен кейін «Қазақстан барысы» анықталады. Қазақ күресі бойынша республикалық жарыс 26-шы қазанда өтеді деп жоспарланып отыр. Яғни, ерекшелігі сол биылғы бәсеке алдағы республика күніне орай ұйымдастырлады. Айтулы додаға бас-аяғы 43 палуан қатысады. Олар аймақтардағы арнайы іріктеуге қатысып, жеңіске жеткен болатын. Енді Астана төрінде, нақтырақ айтқанда, Астанадағы «Барыс аренада» өзара мықтыны анықтайды.
Еске сала кетейік, былтырғы турнирдің финалына маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов пен қорғаныс министрлігі спорт комитетінің өкілі, яғни, армиялық спортшы Ғалымжан Қырықбай шыққан еді.
Нәтижесінде Ғалымжан жеңіске жетіп, "Алтын белбеу" сыйлығын жеңіп алды. Бұған қоса, 25 миллион теңге көлеміндегі сыйақы алды.