Қазақстандық кәсіпқой боксшы титул үшін айқасады
Жекпе-жек Германияда өтеді.
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Темировтің (5-0, 4 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді.
24 жастағы Темиров 2-ші қараша күні Германияның Бад-Херсфелд қаласында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Қарсыласы венгриялық Оскар Фико (39-37-1, 20 КО) болады.
Бұл жекпе-жекте BDB International (Германиялық кәсіпқой боксшылар қауымдастығы) белбеуі сарапқа салынады.
Темиров соңғы рет қаңтар айында Мюнхенде жұдырықтасып, екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.