Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Байрақты бәсекеге 73 елден 600-ге жуық қатысушы жиналды.
Бүгін Черногорияның Будва қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында негізгі жарыс басталады. Ұлдар арасында 60 келідегі Алексей Хаванцев пен 86 келідегі Бақытжан Айтмұханов алғашқы кездесулерін өткізеді. Олардың қарсыласы Қырғызстан және Болгария елдерінің өкілдері болады.
Ал, қыздар арасында Аружан Жаңғарбаева және Толғанай Қасымхан рингке шығады. Аружан ресейлік, Тоғанай венгриялық боксшымен жұдырықтасады.
Айта кету керек, әлем чемпионаты ұлдар арасында 13, қыздар арасында 12 салмақ бойынша өтеді. Жарыстың жалпы қорытындысы 4-ші қарашада белгілі болады.