Әлімханұлы - Шираз жекпе-жегінің қай күні өтетіні белгілі болды (ВИДЕО)
Британдық боксшы чемпиондық титул үшін өтетін кездесуге қатысты интригалық жазба жариялады.
sportilinet.kz
Орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін британдық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жекпе-жегіне қатысты интригалық жазба жариялады.
Жаттығу барысынан бейнежазба жариялаған Хамза рингке қашан оралатынын хабарлайды.
"Лагерьге оралдым. 22-ші ақпанды асыға күтудемін! Жақында үлкен хабарландыру болады!",- деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, WBO қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлын (16-0, 11 КО) Хамза Ширазбен жұдырықтасуға міндеттеген болатын. Олардың жекпе-жегі ақпан айында Лондонда (Англия) немесе Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді деп күтілуде.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet