ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанды

Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан "алтын" алды. 

Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанды
olympic.kz

Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан жеңімпаз атанды.

Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақта финалда ирандық Махди Морафамен белдесті. 

Бірінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталды. Екінші кезеңде Ризабек 6:2 есебімен алға шықты. Сосын 10:4-ке жеткізді. Қорытынды есеп – 11:6, Ризабектің пайдасында. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанса, биыл 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем біріншілігінде топ жарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.