Еркебұлан Тоқтар Фарид Абдуллаевпен реванш өткізеді
NOMAD лигасында өтетін жекпе-жек қарашаның 30-на белгіленді.
Қарашаның 30-ында өтетін Nomad Fighting турнирінде қазақстандық жауынгер Еркебұлан "актер" Тоқтар мен ресейлік Фарид "Фара" Ядуллаев арасында реванш өтеді.
Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде ММА ережелеріне сәйкес өтеді. Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын аралас жекпе-жек шеберлері лиганың стадиондық турнирінде кездесіп, төрешілердің шешімімен Ядуллаев жеңіске жеткен болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.