UFC чемпионы Шавкат Рахмоновты сынға алды
Белал Мұхаммад қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыға алмай қалғаннан кейін қазақстандық спортшының «уақытша» титул үшін күресу ниетіне қатысты өз пікірін білдірді.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыға алмай қалғаннан кейін қазақстандық спортшының «уақытша» титул үшін күресу ниетіне қатысты өз пікірін білдірді.
«UFC 310 турнирінде уақытша титул үшін жекпе-жек? Неге? Мен алты апта бойы жоқ боламын, айлап емес. Егер олар жекпе-жек өткізгісі келсе, турнирді басқарсын. Шынайы белбеу менде», — деді чемпион.
Естеріңізге сала кетейік, Белал Мұхаммад пен Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жек UFC 310 турнирінде өтуі тиіс еді. Бірақ жартылай орта салмақтағы чемпион аяқ инфекциясына байланысты жарыстан шығып қалды. Кейінірек Рахмонов уақытша титул енгізуді ұсынды.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.