ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстан World Boxing әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді

Жуырда Қазақстанның бокс федерациясы World Boxing-тің мүшесі атанған болатын.

Қазақстан World Boxing әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді
olympic.kz

АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен World Boxing халықаралық бокс федерациясының Конгресінде Қазақстанның бокс федерациясы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі ретінде 2027 жылғы бокс бойынша әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді. Әлемдік ұйымның шешімі жақын арада белгілі болады.

Айта кетейік, бүгінде World Boxing (WB) ұйымына 55 ел мүше. Оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл туралы АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен World Boxing халықаралық бокс федерациясының Конгресінде хабарланды.

Жалпы, World Boxing Халықаралық бокс федерациясы 2023 жылдың сәуір айында құрылды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.