Шираз шаршатайын деді! Әлімханұлымен келіссөздер тағы да тығырыққа тірелді
Кеше тараптардың келісімге келу мерзімі аяқталды.
7 қарашада орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен британиялық боксшы Хамза Шираздың (21-0, 17 КО) жекпе-жегі бойынша келісімге келу мерзімі аяқталды.
Негізі WBO ұйымы тараптардың ортақ мәмілеге 4 қарашаға дейін келуі тиіс-тін. Кейін бұл мерзім 7 қарашаға дейін ұзартылды. Бірақ жекпе-жектің өтіп-өтпейтіні, екі жақтың келісімге келіп-келмегені жайлы әлі ешбір ақпар жоқ.
Бүгінгі күнге промоутерлік сауда белгіленді, алайда ол да өткен жоқ. Себебі белгісіз.
Танымал инсайдер Дэн Рафаэлдің айтуынша, сауда кейінге қалған.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.