Отандасымыз соңғы жекпе-жегін биыл қыркүйекте Ирландияның Дублин қаласында өткізген еді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16КО) шаршы алаңға келер жылдың басында қайта оралатыны белгілі болды.
Boxrec мәліметі бойынша, Әли келесі айқасын 25 қаңтарда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өткізеді. Жекпе-жек жалпы 10 раундқа жоспарланған және ол супер-орта салмақта өтеді. Әлидің кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Ахмедов кәсіпқой бокста барлығы 22 рет (16 нокаутпен) жеңіске жеткен. Бір ғана рет қарсыласына есе жіберген.
Соңғы жекпе-жегін биыл қыркүйекте өткізді. Ирландияның Дублин қаласында француз боксшысы Пьер Дидомбемен (22-2-1, 12КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті.