WBA белбеуі бар қазақстандық боксшы 7 желтоқсанда рингке шығатын болды

Редактор Penalty.kz
13.11.2024, 11:09

Оның қарсыласы 28 рет жеңіске жеткен поляк боксшысы болады. 

WBA белбеуі бар қазақстандық боксшы 7 желтоқсанда рингке шығатын болды
NUR.KZ

Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбектің (18-0, 13 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. 

BoxRec.com сайтының мәліметі бойынша, Заурбек 7 желтоқсанда Ирландияның Уотерфорд қаласында жұдырықтасады. Оның қарсыласы — кәсіпқой бокста 28 рет жеңіске жеткен поляк Дамиан Вржесинский (28-3-2, 7 КО) болады. 

Айта кетейік, Сұлтан өзінің соңғы жекпе-жегін 21 маусымда Англияның Болтон қаласында өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп WBA Continental белбеуіне ие болды. 

Ал Дамиан Вржесинский болса, 5 қазанда Польшаның Злотов қаласында өткен жекпе-жекте аргентиналық Мауро Алекс Перуэнеден (16-9-1, 8 КО) басым түсті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 6
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір