Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлы өзіне қарсылас таңдауға қатысты мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Бүгін WBO бойынша міндетті үміткер британдық Хамза Шираз бен Әлімханұлының жекпе-жегі бойынша промоутерлік сауда-саттық өтуі тиіс. 

Жәнібек Әлімханұлы өзіне қарсылас таңдауға қатысты мәлімдеме жасады
NUR.KZ

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Хамза Шираз, Карлос Адамес және Эрисланди Ларамен болуы мүмкін жекпе-жектер жайлы ақпаратпен бөлісті.

"Шираз үнсіз. Қандай да бір жаңалық күтіп жүрміз! Сонымен қатар, Адамеспен жұдырықтасу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Барлығы келесі аптада белгілі болады. Лара да үнсіз!"- деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 18 қарашада WBO бойынша міндетті үміткер британдық Хамза Шираз бен Әлімханұлының жекпе-жегі бойынша промоутерлік сауда-саттық өтуі тиіс. Жәнібектің алдыңғы жекпе-жегі 4 қазанда Сиднейде өтті. Ол жаңазеландиялық Андрей Михайловичті тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір