Қазақстандық семсершілер Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Турнир қарашаның 21-24 күндері өтеді.
Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Канада өтетін Әлем Кубогының кезеңіне қатысады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Турнир қарашаның 21-24 күндері Ванкувер қаласында өтеді.
Бұл жарыста ел намысын Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Павлов қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі Әлем Кубогы кезеңінде біздің семсершілер үздік жетіліктен көрінген болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.