Шавкаттың қарсыласы алдағы жекпе-жек жайлы жазба жариялады
Иэн Мачадо Гэрри мен Шавкат Рахмонов арасындағы айқас 8 желтоқсанда өтеді.
UFC-дің орта салмақ дизивионы рейтингінде жетінші орында тұрған Иэн Мачадо Гэрри аталған дивизионның үшінші нөмірлі файтері Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек туралы ойымен бөлісті.
Айта кетейік, аралас жекпе-жек шеберлерінің айқасы 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста өтеді.
«Екеуіміздің көрсеткішімізді қосқанда 33-0. Бұған қандай да бір түсінік берудің қажеті шамалы», - деп жазды Гэрри әлеуметтік желідегі парақшасында.
Иэн Гэрри соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың маусымында өткізді. Сол кезде Майкл Пэйджден басым түскен болатын.
Ал Шавкат Рахмонов октагонға былтыр желтоқсанда шықты. Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.