Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

"Топырағың торқа болсын". Қазақ боксшысы әлем чемпионын "жерлеуге" дайындалуда

Редактор Penalty.kz
03.12.2024, 13:34

Әуесқойда бокстан Олимпиада чемпионы болған Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) жартылай орта салмақта WBC чемпионы америкалық Марио Барриосқа (29-2-1, 18 КО) үн қатты. 

"Топырағың торқа болсын". Қазақ боксшысы әлем чемпионын "жерлеуге" дайындалуда
offside.kz

"Марио, екі апта бұрын сені жекпе-жекке шақырып едім. Бірақ сен әлі үндемедің. Қайдасың? Менен тығылма. Сен кейінгі айқасыңда WBC белбеуін жеңіп алдың. Енді менімен жекпе-жекте саған "Топырағың торқа болсын" белбеуін береді, ал сендегі WBC белбеуін мен аламын", - деп жазыпты Елеусінов. 

Еске сала кетсек, Барриос 16 қарашаға қараған түні Арлингтондағы (АҚШ) бокс кешінде өнер көрсетті. Кештің басты оқиғасы аты аңызға айналған Майк Тайсон мен ютубер Джейк Пол арасындағы жекпе-жек болды. Ал Марио америкалық Абель Рамосқа (28-6-3, 22 КО) қарсы шығып, жекпе-жекті тең аяқтады. Соның арқасында Барриос титулды сақтап қалды. Сонымен қатар екінші раундта Рамос нокдаунда болған.

Ал Елеусінов соңғы рет қыркүйек айында Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаяны (23-5-2, 11 КО) бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Бұл жеңіс Даниярға WBC Peace бойынша екінші дәрежелі титулды жеңіп алуға және BoxRec рейтингінің топ-15-не енуге мүмкіндік берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 97
👎 22
😂 16
😡 20

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір