Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық балуан Нариман Бекімов халықаралық турнирде топ жарды

Сарапшы, спорт журналисі

Жарыс Қарағанды қаласында өтті.

Қазақстандық балуан Нариман Бекімов халықаралық турнирде топ жарды
olympic.kz

Қарағандыда күрес түрлерінен халықаралық турнир өтті. Ол Кеңес Одағының батыры Нұрбек Әбдіровты еске түсіруге арналды. 

Жарысқа еліміздің барлық аймағынан және Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстаннан балуандар келді. Биылғы білектілер бәсекесіне 500-ден аса спортшы жиналды. Жарты ғасырдан аса тарихы бар турнирге бұрын-соңды мұншалықты балуан қатысқан емес. 

Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінің мықтылары анықталды. Бес салмақтың үшеуінде қырғыз жігіттерінің мерейі үстем болды. 

Ал 55 келіде жерлесіміз Нариман Бекімов топ жарды. 63 келіде тәжірибелі Дастан Зарлыханов жарыс жеңімпазы атанды. 

Енді боз кілемге еркін және әйелдер күресінің балуандары шығады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір