Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бүгін Сәкен Бибосынов өзбек боксшысымен жұдырықтасады

Редактор Penalty.kz
06.12.2024, 07:15

Жалпы, жарыстың жетінші күні қазақстандық 5 былғары қолғап шебері рингке шығады.

olympic.kz
olympic.kz

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың жетінші күні Қазақстаннан бес боксшы ширек финалдық кездесулерін өткізеді.

Азия және әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Мехрон Шафиевпен жекпе-жекке шығады.

Екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов (51 кг) өзбекстандық Асилбек Жалиловпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан (54 кг) Шри-Ланка өкілі Джаянатх Кумарамен қолғап түйістіреді. 

Ал Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) таиландтық Сомчаи Вонгсуванға қарсы шығады.

Сондай-ақ Сағындық Тоғамбай (92 кг) өзбекстандық қандасымыз, 2021 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Мадияр Саидрахимовпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, бүгін ширекфиналдық жекпе-жектер аяқталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір