Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Ертең басталатын жарысқа Елдос Сметов қатыспайды.
Ертең Жапония астанасы Токиода дзюдодан 2024 жылғы спорт маусымының соңғы Grand Slam кезеңі басталады. Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, үш күндік додаға әлемнің 46 елінен 282 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Ал байрақты бәсекеде ел намысын 11 спортшы қорғайды. Ерлер арасында 60 келіде екі спортшы яғни Шерзод Давлатов пен Дәурен Сюкенов күреседі. 73-те Бақытжан Абдурахманов, 81-де Жалғас Қайролла, 90 келіде ел чемпионатының күміс жүлдегері Максим Мейірлан және 100 келіге дейінгі салмақта Әділет Сапарғалиев ел намысын қорғайды.
Бұрымдыларымыздан 4 салмақта 5 спортшы күреседі. 52 келіде Толғанай Әбеуова, 57-де Дана Әбдірова, 63-те Самалай Ерғалиева және аса ауыр салмақта Назгүл Маратова мен Карина Такиева татамиге шығады.
Айта кетейік бұған дейін ел дзюдошылары Загреб Гран Приі мен Абу Даби Гранд Слэмінде өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, өткен айда әскерилер арасында өткен әлем біріншілігінде бірнеше дзюдошы чемпион атанды.