ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі тарихи нәтижемен аяқталды (ВИДЕО)

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек титул үшін өтпегенімен бес раундқа есептелді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Шавкатқа берді. 

Осылайша қазақстандық өзінің кәсіби мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді, ал ирландиялық Иэн Гэрри тұңғыш рет ұтылды. 

Айта кету керек, қазақстандық бұған дейінгі жекпе-жектерін мерзімнен бұрын аяқтап келген. 

Енді Шавкаттың кезекті қарсыласы UFC жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммад атануы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?