
UFC басшысы Дана Уайт жартылай орта салмақтағы үздік файтер Шавкат Рахмоновтың Иэн Гэрриге қарсы жеңісіне қатысты өз ойын айтты.
Бул туралы Fightnews.info хабарлайды.
"Қағаз жүзінде олар октагонға шығып айқасуы керек. Бірақ бәрі өзің ойлағандай шықпайды. Екеуі де ешқашан жеңіліп көрмеген. Демек жоғары деңгейлі спортшылар. Бәске титул тігілген. Екі жігіт керемет төбелесті. Құдайға шүкір, бәрі бес раундқа созылды. Осындай форматта өткені де өте дұрыс болды", — деді Уайт.
Еске сала кетсек, 8 желтоқсанда Рахмонов UFC 310 турнирінде төрешілер шешімімен Иэн Гэрриді жеңді.