Уайт "зейнетке қамдансын" деген UFC файтерлерін атады
UFC басшысы Дана Уайт UFC 310 турнирінде тіркелген нәтижелерге ыза болды.
Кәсіпкердің пікірінше октагонда оңбай жеңілген ардагерлерге зейнетке шығу қамын ойластыра беру керек.
Турнир аясында UFC экс-чемпионы Крис Уайдман (ТКО 2 Эрика Андерске қарсы), экс-үміткер Энтони Смит (ТКО 2 Доминик Рейеске қарсы) және экс-чемпион Strikeforce Клэй Гуида (SBM 1 Чейза Хупера қарсы) жеңіліс тапты.
"Оларға зейнетке шығу керек. Бүгіннен бастап мансабын аяқтау жөнінде шешімге келу керек сияқты", — деді Уайт.
Смит те Дана Уайтпен толық келіседі. Жеңілген жекпе-жектен соң өзі де мансабын аяқтауға бел буды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.