Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жүсіповке алтын медаль қайта берілді

Сарапшы, спорт журналисі
13.12.2024, 11:27

Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Хавасбек Асадуллаев арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегінде әділдік қалпына келтірілді, деп хабарлайды Penalty.kz

Жүсіповке алтын медаль қайта берілді
asbcnews.org

Бастапқыда төрешілер Асадуллаевтың пайдасына бірауыздан шешім шығарып, алтын медальды оған тапсырған болатын. Алайда кейіннен Қазақстан бокс федерациясы қарсыластың тістеу арқылы ережені өрескел бұзғанын дәлелдеп, наразылық білдірді.

Азия бокс конфедерациясының (ASBC) техникалық делегаты тәртіп бұзушылықты растап, Асадуллаевты дисквалификациялады. Соның нәтижесінде Жүсіпов заңды жеңімпаз деп танылып, алтын медаль Қазақстан қоржынына қайта оралды.

Бұл қайта қараудан кейін Қазақстанның Азия чемпионатындағы нәтижесі бес алтын, төрт күміс және бір қола медальмен қорытындыланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 11
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір