Атыраулық полицей ММА-дан әлем чемпионы атанды
Байрақты бәсеке Индонезия астанасы Джакартада өтті.
kaz.inform.kz
Атырау полициясында қызмет ететін бұрымдымыз Аида Хайруллина Индонезияда ММА-дан өткен әлем біріншілігінде топ жарды.
"Ересектер арасындағы «Gamma World MMA Championship 2024» әлем чемпионатында Додаға әлемнің 66 елінен 920 спортшы бақ сынады. Соның бірі – Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкері Аида Хайруллина. Жаһан спортшыларының додасында атыраулық полицей 72,6 келі салмақта ел намысын қорғады", -деп хабарлады Атырау полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, полиция лейтенанты Аида Хайруллина бұған дейін қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы, әлем кубогінің екі дүркін жеңімпазы атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet