ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Айтжанов Сәкен Бибосыновтың Азия чемпионатындағы сәтсіздігі туралы айтты

Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында 51 келіде ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбек Асылбек Джалиловтан жеңіліс тапқан.

Айтжанов Сәкен Бибосыновтың Азия чемпионатындағы сәтсіздігі туралы айтты
bizmedia.kz

Жеке бапкері Мырзағали Айтжанов соның себебін түсіндірді.

"Көбісі біле бермейтін шығар, бірақ біз сылтау айта беретін адамдар қатарынан емеспіз. Ұлттық құраманың бас бапкері, дәрігері де жағдайды түсініп отыр. Себебі жеңіске жете алмауына бір-екі жағдай себеп болды. Рингке шығар алдында жарақаты болды. Сондықтан жоспарлағандай өнер көрсете алмады. Енді қайтадан қатарға қосылып, елдің мерейін асқақтата береді", - деді Мырзағали Айтжанов.

Жалпы отандасымыз соңғы жылдары өзбекстандық боксшылардан айласын асыра алмай жүр. Бірнеше жыл Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматовпен жұдырықтасып, кейінгі кездесулердің барлығында ұтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.