Усик реванш үшін рекордтық көлемде сыйақы алады
21 желтоқсанда Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта аса ауыр салмақта Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасында реванш өтеді.
rbc.ua
Тайсон Фьюри мен Александр Усик арасындағы реванштың жалпы жүлде қоры шамамен $200 млн болмақ, нақтырағы – $191 млн: британиялық TalkSPORT басылымы осылай жазып отыр. Сыйақының басым бөлігі, яғни $114 млн Усикке бұйырса, $76 млн Фьюридің қалтасына кетеді. Бұл – украиналық үшін рекордтық көлемдегі гонорар. Ол бұған дейін Джошуамен өткізген екі жекпе-жегі және Фьюримен алғашқы айқасын қоса есептегенде $191 млн сәл-ақ көп алған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet