Төрехан Сабырхан ширек финалға шықты
Қарсылас шаршы алаңға шығудан бас тартты.
NUR.KZ
Қарағанды қаласында бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Іріктеу кезеңінде Төрехан Сабырханның қарсыласы астаналық Мырзахан Мәуленов болды. Алайда елордалық боксшы жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша Төрехан автоматты түрде ширек финалға жолдама алды.
Енді ол ертең түркістандық Бахтияр Анарбаевпен кездесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 25 желтоқсанға дейін жалғасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet