Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Шавкат Рахмоновтың өкілі Бауыржан Өтәлиев осылай деді.
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегінде Белал Мұхамедпен UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондығына таласпақ. Бір қызығы, егер Шавкат чемпион атанса, қазіргі жеңіл салмақ чемпионы, дағыстандық Ислам Махачевпен жұдырықтасуы мүмкін.
Kazinform-ға сұхбат берген Шавкат Рахмоновтың өкілі Бауыржан Өтәлиев осылай деді.
"Қазір Шавкат Рахмонов салмағын 77 келіден асырмай, бір қалыпта оңай ұстап тұр. Сондықтан алдағы уақытта салмақ ауыстыру жөнінде бас қатырмайды. Дегенмен 70 келіге дейінгі жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев жартылай орта салмаққа көшуі ғажап емес.
Мысалы, Шавкат Белалды жеңсе, ал Ислам басты қарсыласы Арман Царукянды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалса, дағыстандық екі салмақ бойынша чемпион атануға ұмтылады. Осылайша ол 77 келіге ауысып, Шавкат пен Исламның кездесуін көріп қалуымыз мүмкін", – деді ол.