Дзюдошыларымыз үшін жаңа маусым жаңа ережемен басталады
Дзюдодан жаңа ереже бойынша өтетін алғашқы ірі халықаралық жарыс Париждегі Grand Slam сериясының кезеңі болмақ.
kazsports.kz
Турнир 1-2 ақпан аралығында өтеді. Бәсеке ерекше маңызға ие. Себебі дзюдошылар былтыр желтоқсанда ресми түрде енгізілген жаңа ережелер бойынша сынға түседі.
Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 12 орында тұр. Жинаған ұпай саны – 87 541.
Көш басында Жапония (219 217 ұпай). Екінші орында Франция (184 924 ұпай). Үшінші орынды бейтарап тудың астында өнер көрсететін спортшылар иеленген (114 452 ұпай).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet