Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Кәсіпқой элиталы сумода бақ сынайтын "Кинбодзан Харуки" лақап атымен танымал Ерсін Балтағұл сумоның ең жоғарғы дивизионы саналатын "Макуши" алаңына қайта оралды.
Ол қаңтар айының 12-25 күндері Токиода өтетін "Хацу бащё" турнирінде күреседі.
Ерсін 2023 жылы жоғарғы дивизион "Макушиге" шыққан. Бұл лигада ол 9 турнирге қатысқан болатын. Қыркүйек айында Аки бащё турнирінен кейін нәтижесі төмендеп, екінші дивизион Жюроға түсіп қалған.
"Менде қазір бәрі жақсы. Былтыр аздап жарақат алып қалдым. Жарақатымның салдарынан дұрыс күресе алмай, рейтингім түсіп кетті. Сол себепті екінші дивизионға түсіп қалдым. Алайда, бәрі оңалып, Жюрода чемпион болдым. Енді жоғары дивизионда күресем. Неге екенін білмеймін, рейтингімді көтермей қойды. Қазір М14 болып тұр. Жоғары көтереді деп ойладық. Себебін сұрастырамыз. Сәтін салса алдағы уақытта жоғарғы көтерілсем деген ниет. Бәрі уақытымен болады" - деді сумошы 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Былтыр желтоқсан айында Жюро алаңында Қазақстан сумошысы чемпион атанды. Ол 15 күннің нәтижесінде 12 қарсыласын жығып, 3 рет жығылды.
Ерсін бұған дейін 2022 жылы үшінші дивизион – Макушита алаңында "Хару бащёның" чемпионы атанған. 2021 жылы төртінші дивизион – "Санданмеде Кюшю бащё" кубогын басына көтерген.