Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының финалында өзін тістеп алған өзбек спортшысы Хавасбек Асадуллаевқа жекпе-жектен соң қалай жауап бергенін айтты.
Жүсіпов пен Асадуллаев арасындағы жекпе-жекте төрешілер жеңісті өзбек боксшына берген еді. Бірақ бұл кездесуде Хавасбек Асадуллаев Абылайхан Жүсіповті тістеп алғаны белгілі болды. Осыдан соң IBA және ASBC ұйымдары финалдық кездесуді қайта қарап, Абылайхан Жүсіповті Азия чемпионы деп таныды, ал өзбек боксшысы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетілді.
"Жекпе-жектен кейін марапаттау рәсімі болатын кезде өзбек боксшысы маған жүгіріп келіп, қол алыспақшы болды. Мен қолымды берген жоқпын. Оған "Бауырым, сенікі дұрыс емес. Сен рингте өзіңді еркек сияқты ұстаған жоқсың. Тістеп алғаның не?" деп мойнымды көрсеттім. Ол басын салбыратып кетіп қалды да марапаттау рәсімі біткенше маған жақындаған жоқ. Өзінің қатесін түсінді. Мен қол алыспай оған қате әрекет жасағанын түсіндірдім деп ойлаймын", - деді Абылайхан Жүсіпов.