Шавкат пен Белал UFC 315 турнирінде шайқасады
Жекпе-жек мамыр айына жоспарланған.
runasport.com
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен америкалық аралас жекпе-жек шебері Белал Мұхаммад UFC 315 турнирінде шайқасатын болды. Бұл туралы Спорт Шредингера телеграм-арнасы хабарлады.
Аталған арнаның мәліметі бойынша спортшылардың айқасы мамыр айына жоспарланған. Осылайша, жартылай орта салмақтағы Белал Мұхаммед қазақстандық спортшыға қарсы өз атағын алғаш рет қорғайды.
Айта кетейік, әу баста Шавкат пен Белал былтыр желтоқсанда жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда америкалықтың сырқаттанып қалуына байланысты бұл кездесу өтпей қалды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet