Қазақстандық дзюдошылар оқу-жаттығу жиынын бастады
Оқу-жаттығу жиыны Астанада 9-19 қаңтар аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
sportburo.kz
Дайындыққа 100-ге жуық татами шебері қатысып жатыр. Олардың қатарында 2024 жылғы ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен бірге Париж Олимпиадасының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпиондары Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбай, Гранд Слэм турнирінің чемпионы Ғалия Тынбаева, Азия ойынының жүлдегері Абиба Әбужақынова сияқты тәжірибелі спортшылар бар.
Айта кетейік, осы оқу-жаттығу жиынынан кейін іріктеуден өткен дзюдошылар Парижде өтетін Гранд Слэм турниріне аттанады. Турнир 1-2 ақпан күндері өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet